Ballet Gloobe халықаралық би фестивалі өз маусымын осы жаздың орасан зор оқиғасымен аяқтайды! 29 маусымда әлемдік балет жұлдыздары Қазақстанға келіп, Алматының тұрғындары мен қонақтарына Almaty Theatre үлкен сахнасында өздерінің орындауында жарқын және батыл қойылымдарын ұсынады.
Бір аттас жоба би орындалымы арқылы Алматы көрерменін өзінің сезімталдығымен және ой мен философияны бірегей ұсыну арқылы бірнеше рет таң қалдырды; осы жолы да кеш бағдарламасында балет пен заманауи бидің әлемдік жұлдыздары Валерия Титова мен Ирина Колесникова, Клаудио Конджиалоси, Мисако Като, Морган Луго, Нельсон Хиро (Фландрия Корольдік балеті), заманауи хореографияның жаңа бағдарламасымен Донни Дункан (Нидерланды би театры) болады, ал Джесси Калаярт пен Микаэла Келли Марко Гёке хореяграфиясында "Walk the Demon”-ден «Выдержка» би нөмірін ұсынады.
Ballet Glоbe би фестивалінің бағдарламасында көрермендерді тосын сый күтеді. Корольдік балеттің жұлдыздары Фландрии Клаудио Конджиалоси және Мисако Като екі жаңа жұмысты арнайы дайындады, олардың тұсаукесері Алматыда болады. “Siren” (Сирена) адам өмірінің нәзіктігін және заманауи әлемнің қаталдығын айтады, “Encounter” (Кездесу) сүйікті адаммен кездесудің маңыздылығын көрсетеді және өзін тану туралы талқылайды.
Баурап әкететін шетел бишілерінен бөлек, кеш бағдарламасында Nomad Punk — Қазақстаннан бірегей сазгер және өлеңдер авторы мәлімденген. Nomad Punk көрермендерді өзінің «Раритет» және «Balqadisha» өлеңдерімен қуантады!
Ballet Globe би фестивалінің негізін қалаушы Ерлан Андагулов заманауи бидің маңыздылығын атап өтеді:
«Контемпорари – бұл жай ғана би емес, бұл сезімді білдіру, сахнадағы бүкіл өмір. Әртістер көрермендермен би тілінде сөйлеседі, әрқайсысы шексіз әлемге шомып, өзі үшін өнердің бірегей бөлшегін ашады. Мұндайды сөзбен жеткізу мүмкін емес, оны бастан кешіру керек. Біз дүние жүзінен үздік әртістерді, олар Алматыда өз тарихымен өнер бағалаушыларымен бөлісу үшін жинадық. Бәріңізді бірегей Ballet Globe би фестиваліне шақырамыз, ол Қазақстанның Шанхай ынтымақтастық ұйымында төрағалық ету шеңберінде өтеді».
Әлемдік балет өнері әрқашан әртүрлі мәдениет пен дәуірді байланыстыратын көпір болды. Қазақстанда заманауи биді дамыту және елдер арасында мәдени алмасу – Ballet Globe халықаралық би фестивалінің басты міндеттерінің бірі, ол жыл сайын би өнерінің әйгілі және атақты әртістеріне залдар жинайды. Заманауи би немесе contemporary dance (контемпорари) би мәдениетінде әлемдегі ең танымал бағыттардың бірі. Заманауи би балеттен туындайды, алайда жаңа нысандарды, мән мен мазмұнды ойластырып, сезімге тартып, дене мен қимылдың өзді-өзін танытудың мықты құралы бола алатынына ой тастап, оны қайта ойластырады.
Ballet Globe Халықаралық би фестивалі Алматы қаласы Әкімдігінің қолдауымен Almaty Theatre-де 29 маусымда 18.00-де өтеді.