2024 жылғы 5 қыркүйек күні сағат 15.00-де Алматы қ. республикалық Достық үйінде Махмұд Қашқаридің «Диуани лұғат ат-түрік»түркі тілдерінің алғашқы энциклопедиялық сөздігінің 950 жылдығына арналған Қазақстан халқы тілдері күні өткізіледі. Атаулы мерейтойлық күн Қазақстан Республикасының, Әзірбайжан Республикасының, Қырғыз Республика-сының, Түрік Республикасының бірлескен өтінімі бойынша Венгрия, Мавритания, Марокко, Катар және Тәжікстанның қолдауымен қабылданды және 2024 жылғы ЮНЕСКО күнтізбесіне енгізілді.

Іс-шараны ұйымдастырушылар - Қазақстан халқы Ассамблеясы, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің «Қоғамдық келісім» РММ республикалық Достық үйінің қызметін қамтамасыз ету басқармасы.

Қазақстан Республикасы Сыртқы Істер Министрлігінің Алматы қала-сындағы өкілдігі, Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссиясының, Қазақстан Республикасының Материалдық емес мәдени мұра жөніндегі ұлттық комитетінің, республи-калық этномәдени бірлестіктердің, қоғам қайраткерлерінің, ЮНЕСКО қамқорлығымен Мәдениеттерді жақындастырудың халықаралық орталы-ғының өкілдері және Шин Юрий Германович  –  Қазақстан халқы Ассамб-леясы төрағасының орынбасары, «Қазақстан корейлері қауымдастығы» төрағасы, Қазақстан Республикасы Ұлттық Құрылтай мүшесі құттықтау сөз сөйлейді.

Дөңгелек үстелдің спикерлері:

  • Абусеитова М.К. – Қазақстан Республикасы Жоғары білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Р.Б. Сулейменов атындағы Шығыстану институты жанындағы Тарихи материалдарды зерделеу жөніндегі республикалық орталықтың директоры, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, тарих ғылымдарының докторы, профессор;
  • Ауэзова З.М. – шығыстанушы, әдебиет тарихшысы, «Диуани лұғат ат-түрік» орыс тіліне аудармашысы, «Eurasian Perspective» ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі (Нидерланды), филология ғылымдарының кандидаты, профессор;
  • Ақыш  Н.Б. – филология ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Жоғары білім және ғылым министрлігі М. О. Әуезов атындағы Ғылым комитетінің Әдебиет және өнер институтының бас ғылыми қызметкері, жазушы;
  • Хамраев А.Т. - Мұхтар Әуезов атындағы Әлемдік әдебиет және халықаралық байланыстар бөлімінің бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы, профессор;
  • Рақыш Ж.С. – Қазақстан Республикасы Жоғары білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті М. О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Қолжазбалар және текстология орталығының директоры, филология ғылымдарының кандидаты;
  • Ни Л.А.  -  Мемлекеттік республикалық академиялық корей музыкалық комедия театрының көркемдік жетекшісі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, театр директоры (1999-2022), Т. Жүргенев атындағы Қазақ ұлттық академиясының құрметті профессоры;
  • Бахаров Д. – Куддус Кужамьяров атындағы республикалық мемлекеттік академиялық ұйғыр музыкалық комедия театрының директоры
  • аталған театрдың жетекші актері Аманбаев Д.

Дөнгелек үстелге республикалық, өңірлік және қалалық этномәдени бірлестіктер мен қоғамдық құрылымдар, Қазақстан халқы Ассамблеясы, халықаралық және үкіметтік ұйымдар, білім беру мекемелері мен БАҚ қатысады.

Өтетін орны:

Құрманғазы көшесі, 40 (Төлебаев  көшесінің  қиылысы), республикалық Достық үйі, 2 қабат (орталық кіреберіс).

Фото: Яндекс Карты