Gorilla Style Wars - бұл жай ғана би емес, көшедегі би стилінің нағыз шайқасы. Жыл сайын 2000-нан астам адам көше билерін тамашалау үшін жиналады. Бұл мерекенің бірегейлігі оның тұжырымдамасында жатыр: әрбір шақырылған сарапшы  HIP-HOP, POPPING, BREAKING немесе KRUMP болсын, өз номинациясын бағалайды. Содан кейін батл финалистері бір-біріне қарсы күресетін командаларды құра отырып, төрешілермен бірігеді. Нәтижесінде бір ғана стиль жеңіске жетеді, бұл Gorilla Style Wars-ты шынымен бірегей және қызықты іс-шара етеді.

Биыл іріктеу кезеңдері Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Әзірбайжанда өтті, бұл мерекенің халықаралық ауқымды екенін  көрсетеді. Шақырылған қонақтар мен төрешілердің арасында - би сахнасының аңыздары:

  • Mr Wiggles (США) — хип-хоп иконасы , клиптер хореографы Missy Elliot, Usher және Madonna.
  • Konkrete (США) — KRUMP стиліндегі жетекші биші, Beyoncé әлемдік турының қатысушысы.
  • Batalla (Германия) — HIP-HOP бойынша Еуропа чемпионаттарының бірнеше дүркін жеңімпазы.
  • MTPOP (Вьетнам) — X-Clown Crew би тобының мүшесі, popping стиліндегі халықаралық конкурстардың жеңімпазы.
  • Marlone (Франция) — breaking стиль шебері

Финалдан кейін көрермендер американдық танымал Pharcyde рэп-тобының өнерін тамашалайды.

Көше билері әлемдік би сахнасының маңызды бөлігіне айналды. Көптеген бишілер түрлі алаңдарда өнер көрсетіп, бейнеклиптер мен жарнамаларға түсу, сондай-ақ би студияларында оқыту арқылы мансап жасайды. Gorilla Style Wars ұйымдастырған чемпионаттар қатысушыларға кәсібилік пен жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.

"Gorilla Style Wars - бұл Алматының жертөлелерінен басталып, уақыт өте келе әлемнің түкпір-түкпірінен келген бишілер мен шығармашыл адамдарды біріктіретін халықаралық мерекега айналған қазақстандық жоба. Бүгінде GSW - бұл жай ғана би баталы емес, нағыз мәдени платформа, ол жаңа ұрпақты өзін-өзі тануға және би арқылы дамытуға шабыттандырады. Жыл сайын жоба ауқымы артып, іріктеу турларының географиясын кеңейте түсуде. Бұл көптеген қатысушыларға өздерін көрсетуге және өз ісінде кәсіпқой болуға мүмкіндік береді. GSW бишілерге өз дағдыларын көрсетіп қана қоймай, пікірлес адамдарды тауып, тәжірибе алмасып, жаңа идеяларға шабыт беруге көмектеседі. " - деді Gorilla Style Wars компаниясының ұйымдастырушысы Марат Ягфаров.

Біз Gorilla Style Wars өзінің бірегей тұжырымдамасы мен жұлдызды қонақтарының арқасында би әуесқойларының ғана емес, сондай-ақ кең аудиторияның назарын аударатынына сенімдіміз. Шараны ұйымдастырушылар - Funky Dance шығармашылық бірлестігі, Балуан Шолақ атындағы спорттық-мәдени кешенімен бірлесе отырып, Алматы қаласының жастар саясаты басқармасының қолдауымен, оның маңыздылығы мен жоғары деңгейде қолдауын атап өтеді.