Қазақстанда Freedom Festival ІІІ өнер фестивалі өтті: 30 қарашада «Almaty Theatre»-да және 3 желтоқсанда «Астана Опера» театрында көрермендер қазақстандық сахналарда бұрын ұсынылмаған Еуропаның жетекші хореографтарының қазіргі заманғы балет қойылымдарын көре алды.
Фестиваль әртүрлі елдердің әртістерін және бір қойылымда театрларды өз сахнасында кезекті рет біріктірді – мәселен, Валентино Цукеттидің туындысы - Class concert – «Souvenir de Danse» премьерасы болды. Премьераға Еуропаның балет жұлдыздары: Сара Лэмб және Рёити Хирано (Royal Opera House, Ұлыбритания), Алехандро Вералес (халықаралық жұлдыз) және Мария Баранова (Bayerisches Staatsballett), сондай-ақ, «Астана Опера» отандық театр балетінің әртістері - Бақтияр Адамжан және Анастасия Заклинская қатысты.
Франциядан атақты труппаның – жұмыстары өз эмоциялық тереңдігімен және қозғалыс пен форманың батыл эксперименттерімен белгілі, аса көрнекті қазіргі заман хореографы Шарон Эяльдің басшылығымен L-E-V Dance Company өнер көрсетуі бағдарламаның ең керемет сәті болды. Спектакль Әлемдік турне шеңберінде ұсынылды және фестиваль көрермендеріне ұмытылмас әсер қалдырды.
«Біз үшін шекарамызды кеңейту және әртүрлі елдердің көрермендерінің тәжірибесін молықтыру өте қызықты, сондықтан, біз әрине, алғаш рет өз қойылымымызбен Қазақстанға келгеніміз үшін қуаныштымыз. Театрдың мүмкіндігі мен аудиторияның керемет ықылас білдіруі бізге өз жұмысымызды көрсетіп қана қоймай, сонымен қатар, процесстен ләззат алуға мүмкіндік берді», - деп әсерімен бөлісті L-E-V Dance Company труппасының менеджері Roy Bedarshi.
Фестиваль биылғы жылы сонымен қатар, қазіргі заманғы өнер формаларымен жалғасып жатқан эксперименттерімен де таң қалдырды: New Media artist Ардақ Мұқановадан VR-инсталляция көрермендер үшін тағы бір айшықты эмоциялық тәжірибе болды. Инсталляция авторлары көрермендер болашақта өздерін тікелей қоса қатысушылар бола алатындай сезінетіндей театр сценографиясына баламалы көзқарасты ұсынды: мәселен, Freedom Festival қонақтары VR-инсталляцияда атақты «Абай» операсында оның ариясындағы Ажардың ішкі әлемі мен сезім-күйін көре алды.
«Біз бұл қойылымда тек жоба ғана емес, екі әртүрлі, бірақ, бірін бірі толықтыратын Әлемнің өзара іс-әрекетінің жаңа қырларын ашу мүмкіндігін көреміз. Біздің өнермен ынтымақтастығымыз – бұл өз құндылықтарымызды көресететін саналы таңдауымыз. Экономикалық еркіндік және шығармашылық еркіндігі - Freedom Holding миссиясының негізі», деп атап өтті «Фридом Финанс АҚ Басқарма Төрағасы Сергей Лукьянов.
Freedom Festival шынында әрбір рет Еуропа балет шеберлерінің қазіргі заманғы жұмыстарымен көрермендерді таныстыра, сонымен тұтастай алғанда, қазіргі заманғы өнер туралы өз түсінігін кеңейтуді ұсына отырып, елдің арт-кеңістігі үшін нағыз дәстүрге айналып отыр: фестиваль шеңберінде әр жылы қазақстандық суретшілердің қатысуымен перфоманстар, инсталляциялар мен көрмелер өтеді. Алғашқы екі фестиваль Қазақстанда дүние жүзінің аса ірі театрларынан 20-дан астам Әлемнің аса ірі балет жұлдыздарын жинағанын еске саламыз, сондай-ақ, ІІ фестиваль шеңберінде қазақстандық балет өнерінің аса көрнекі қайраткерлері ақшалай сыйлықтармен атап өтілді, сонымен бірге, Абая атындағы ҚҰАОБТ үшін бірегей қойылым жасалды.