2025 жылғы 27 ақпанда (бейсенбі) сағат 10:30-да Республикалық Достық үйінде (Құрманғазы көшесі, 40, 2-қабат, «Дөңгелек зал») «Бірлік пен келісім жолында – 30 жыл» атты халықаралық форум өтеді.

Форум Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай ұйымдастырылуда.

Форумға қатысушылар:

  • Алматы қаласының Мәдениет басқармасы
  • Алматы қаласының Мемлекеттік архиві
  • Республикалық Достық үйі
  • «Қоғамдық Келісім» КММ
  • «Жетісу күші» ҚҚ
  • Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері
  • ҚР Сыртқы істер министрлігінің өкілдері
  • Дипломатиялық корпус өкілдері