20 наурызда Шымкент қаласының ипподромында Бәйгеден Қазақстан Республикасының чемпионаты – OLIMPBET өтеді. Жарысты Бәйге Федерациясы ҚР Туризм және спорт министрлігінің, Шымкент қаласы әкімдігінің және ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының қолдауымен ұйымдастырады.
Бұл чемпионат – ұлттық ат спорты әлеміндегі басты оқиғалардың бірі. Қазақстанның ең үздік шабандоздары 22 700 000 теңгелік жүлде қоры мен финалға жолдама үшін сынға түседі.
«Бәйге – жай ғана спорт емес, бұл ата-бабаларымыздың дәстүріне тікелей байланыс. Әрбір жарыста – дала рухы, шабандоздардың шеберлігі мен мұра бар, мұны біз сақтап, дамытуға міндеттіміз», — Қанат Көпбаев, «Бәйге Федерациясы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Президенті
Чемпионат аясында бәйгенің 4 түрі өтеді: Құнан бәйге, Топ бәйге, Аламан бәйге және Ұшқыр бәйге.
Естен кетпес сайыстан бөлек, чемпионат қонақтарын арнайы шоу-бағдарлама күтеді:
- Музыкалық ансамбльдер мен әртістердің өнер көрсетуі
- Дәстүрлі ат спорты ойындары – теңге ілу, аударыспақ, қыз қуу, көкпар және конкур
Сонымен қатар, бас демеуші OLIMPBET ұйымдастырған құнды сыйлықтардың ұтыс ойыны өтеді.
Қазақстан Республикасының бәйге чемпионаты – бұл тек спорттық сайыс емес, тарих, дәстүр және жарыс рухын біріктіретін ұлттық мәдениет мерекесі.
Барлық ат спорты мен ұлттық мұраны қадірлейтін жанкүйерлерді осы айтулы оқиғаға шақырамыз!
Іс-шара серіктестері: «Бәйге Федерациясы» Республикалық қоғамдық бірлестігі, Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі, Шымкент қаласының әкімдігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы
Бас демеуші OLIMPBET
Іс-шара демеушілері: Kusto Group, YPO Kazakhstan, Etalon bricks, Sport+ Qazaqstan, MYD production
Күні: 20 наурыз 2025 жыл
Уақыты:
- Іс-шараның басталуы: 9:30
- Бәйгеден чемпионаттың басталуы: 12:00
Өтетін орын: Шымкент қаласының ипподромы