Disney студиясының жаңа «Ақшақар» («Белоснежка») фильмі 2025 жылдың 20 наурызынан бастап Қазақстан кинотеатрларында қазақ және орыс тілдерінде көрсетіле бастады.
Қуаныштысы сол Дисней Ақшақардың қазақша сөйлеуіне қолдау білдірген болатын. Фильмдегі кейіпкерлердің дауыстарын белгілі қазақстандық әртістер сомдағаны шынымен де қуантарлық жағдай.
Ақшақардың вокалдық партияларын Жаркынай Ханайым (қазақ және орыс тілдерінде) орындады.
Зұлым Патшайымның сөздерін Айгүл Иманбаева (қазақша) дыбыстаған.
Патшайымның вокалдық партияларын Дана Сәбит (қазақша) және Жұлдыз Уәлихан (орысша) орындапты.
Джонатанның вокалдық партиялары Еркеш Хасенге (қазақша) тиесілі.
Ворчун мен Айна рөлдерін Қайрат Әділгерей (қазақша) дыбыстаған.
Молчун рөлін Ақан Сатаев (қазақша) сомдапты.
Фильмнің қазақ және орыс тілдеріндегі дубляж режиссері – Шах-Мұрат Ордабаев.
Музыкалық дубляжды қазақ тіліне бейімдеген – Анель Сіргебаева, орыс тіліндегі музыкалық дубляжды басқарған – Александр Шевченко.
Disney-дің сиқыр мен шытырманға толы жаңа фильмін еліміздегі барлық кинотеатрдан тамашалауға болады.
Фильмнің режиссері – Марк Уэбб. Продюсерлері – Марк Платт және Джаред Лебофф. Фильмге арнайы жазылған жаңа әндердің авторлары – Бендж Пасек пен Джастин Пол.
Белоснежка рөлінде – Рейчел Зеглер, Зұлым Патшайым рөлінде – Галь Гадот.
Материалды дайындаған: БУРХАНОВА НАЗИРА