Қарқынды өзгерістер мен цифрлық трансформация кезеңінде табысты компаниялардың басты жетістік факторы – адамдар, инновациялар және заманауи технологиялар. Бүгінде HR-үдерістер деректерге негізделіп, икемді тәсілдер мен жасанды интеллект құралдарын кеңінен пайдалануда – бұл үрдіс кадрларды іріктеуден бастап, таланттарды дамытуға дейінгі барлық бағыттарды қамтиды. «HR-бренд Орталық Азия Премиясы» аймақтағы компаниялардың кадрлық саясатқа жаңаша көзқараспен қарап, заманауи шешімдерді іске асырып, жаңа шындық жағдайында мықты HR-бренд қалыптастырып жатқанын айқын көрсетті.

2025 жылғы 24 сәуірде Алматы қаласында HeadHunter компаниясы ұйымдастырған «HR-бренд Орталық Азия Премиясы» жыл сайынғы жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Биыл Орталық Азияның үздік HR-практикалары атағы үшін 48 қазақстандық, өзбекстандық және қырғызстандық компанияларынан 62 жоба бақ сынады. Бұл көрсеткіштер HR-бастамаларға деген қызығушылықтың артып келе жатқанын және бұл саладағы жетілуге деген ұмтылысты айғақтайды.

HR-бренд Премиясында жеңіске жету — бұл тек әріптестер арасында құрметке бөлену ғана емес, сонымен қатар HR-саладағы үздік шешімдерді кәсіби қауымдастыққа көрсету мүмкіндігі.

hh25042025 4

«HR-бренд Орталық Азия Премиясы» жылдан жылға өсіп, дамып келеді, әрі аймақтың жарқын және маңызды HR-жобаларын көбірек тартып отыр. Үміткерлер санының жыл сайын артуы HR-брендингке деген қызығушылықтың артқанын және бұл бағыттағы серпінді дамуды көрсетеді.

2024 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстаннан қатысқан үміткерлердің мықты әрі жарқын кейстерінен шабыт алдық. Компаниялар таланттарды тарту, ұстау және дамыту үшін инновациялық тәсілдерді енгізуде, сондай-ақ HR-үдерістер мен жалпы бизнестің тиімділігін арттыру мақсатында AI технологияларын белсенді пайдалануда. Әрбір жоба бірегей, батыл, өршіл және марапатқа әбден лайық болғандықтан, тәуелсіз қазылар алқасына жеңімпаздарды анықтау барған сайын қиынға соғуда».

Оксана Бричевская, HeadHunter Орталық Азия Бас директоры

2013 жылдан бастап HeadHunter жетекші HR-сарапшылармен бірлесіп, персоналмен жұмыс істеудің үздік тәжірибелерін анықтап, марапаттап келеді. Жыл сайын қазылар алқасы бизнес-үдерістерді жақсартуға ғана емес, сонымен қатар жайлы, қауіпсіз және мотивациялық жұмыс ортасын құруға бағытталған жобаларды бағалайды. Премияның финалистері мен жеңімпаздары кәсіби қауымдастықта HR-тәсілдердің тиімді үлгілерін таратуда үлгі болуда.

«Бүгінде HR-брендинг — жай ғана тиімді құрал емес, бұл — стратегиялық қажеттілік. Компаниялар оны ең үздік үміткерлерді тарту, қызметкерлердің ынтасын арттыру және оларды ұстап қалу үшін қолданады. HR-функциясы компания табысының маңызды факторы ретінде артып келеді, инновациялар алдыңғы орынға шығып, қызметкер мен үміткердің тәжірибесі бизнес-нәтижеге тікелей әсер етуде.

Он екі жыл ішінде «HR-бренд Орталық Азия Премиясы» халықаралық деңгейдегі аймақтық HR-брендингтің дамуын және оның бизнес-ортаға ықпалын көрсететін маңызды оқиғаға айналды».

Нина Осовицкая, HeadHunter Бренд-орталығының Директоры

 

hh25042025 1

HR-бренд Орталық Азия 2024 Премиясының жеңімпаздары:

«Өңір» номинациясы:

1-дәрежелі жеңімпаз — «Bereke Bank» АҚ, «Делай Береке» инновациялық шешімдер жобасы

2-дәрежелі жеңімпаз — Artel Electronics, «Бизнеске зиян келтірмей зауытты 3 айда көшіру» жобасы

3-дәрежелі жеңімпаз — Butterfly Effect, «Жұмыс беруші ребрендингі: Kazdream-нен Butterfly Effect экожүйесіне» жобасы

«Ел» номинациясы:

1-дәрежелі жеңімпаз — Toshkent Metallurgiya Zavodi, «Трансформация: Жаңа көзқарас» жобасы

2-дәрежелі жеңімпаз — Элдик Банк, «E-META. Кванттық серпіліс» жобасы

3-дәрежелі жеңімпаз — «Алмалы» активтерді басқару компаниясы, «Кайдзен – тартылыс нүктесі» жобасы

«Әлем» номинациясы:

1-дәрежелі жеңімпаз — «Itour» ЖШС (Fun&Sun Kazakhstan), «Өзара әрекет навигациясы: табысқа апарар ортақ бағыт» жобасы

2-дәрежелі жеңімпаз — inDrive, «Performance Cycle» жобасы

3-дәрежелі жеңімпаз — Лема́на ПРО, «Прожектор» жобасы

HeadHunter арнайы номинациясы:

Жеңімпаз — MBANK, «Мотивациялық мобильді қосымша – Mpeople» жобасы

«Шағын және орта бизнес» номинациясы:

Жеңімпаз — Prodengi Group ЖШС, «PRODENGI GROUP мәдени трансформациясы: «Мәдениетті жаңарту — финтехті жаңарту»» жобасы

«Әлеуметтік жоба» номинациясы:

Жеңімпаз — inDrive, «inVision Қазақстанда» жобасы

HeadHunter Орталық Азиядағы HR-бренд 2024 сыйлығының барлық номинанттарын құттықтайды және батыл әрі креативті бастамаларыңыз үшін шынайы алғыс білдіреді. Әрбір ұсынылған жоба өз компаниясына айтарлықтай пайда әкеліп қана қоймай, кәсіби қауымдастықтағы әріптестер үшін шабыт көзіне айналды.

2024 жылғы жобалардың толық тізімімен каталогтан танысуға болады.

 

hh25042025 2

Іс-шара серіктестері:

Talents Rock — оқыту, онбординг және ішкі коммуникацияларға арналған цифрлық платформа. Микрооқыту, геймификация, корпоративтік қауымдастық, әлеуметтік желі және 50-ден астам дайын модульді қамтиды. Аналитика мен икемді брендтеуді ұсынады.

goFLUENT — қызметкерлердің тілдік дағдыларын дамытуға арналған халықаралық платформа. ЖИ-шешімдер, дербестендірілген контент және корпоративтік жүйелерге оңай бірігу. Әлемнің 2000-нан астам компаниясы мойындаған.

«Тепло» қоры — мұқтаж жандарға киім жинау, қайта өңдеу және тарату бойынша әлеуметтік кәсіпорын. Қалалар мен кеңселерде контейнерлер орнатып, тоқыма қалдықтарын азайтып, адамдарға көмектеседі.

Doodocs HR — кадрлық құжатайналымды автоматтандыруға арналған қазақстандық сервис. 2021 жылдан бастап бизнес-үдерістерді оңайлатып, шығындарды азайтып, деректерді өңдеу үдерісін жылдамдатып келеді.