2025 жылғы 11 мамырда Алматы қаласындағы Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында балалар сән әлеміндегі ең ауқымды оқиғалардың бірі – «Kids Face Fashion Show 2025» өтті.

Шараны ұйымдастырған — алты жылдан астам уақыт бойы жас модельдерді кәсіби дамытып келе жатқан «KidsFace» балалар модельдік агенттігі. Қазақстанда алғаш рет осындай ауқымдағы және деңгейдегі жоба жүзеге асырылып, балалар сәнін, хореографиялық өнерді және халықаралық ынтымақтастықты біріктірді.

 

AYBA 7574 resized

Арнайы осы шара үшін жаңадан тұрғызылған подиумда 100-ден астам бала-модельдер Қазақстан, Қырғызстан және Малайзия дизайнерлерінің эксклюзивті образдарымен шықты. Сахнада мына дизайнерлердің топтамалары ұсынылды:

  • Айдана Омарова — ұлттық нақыштағы элегантты силуэттер;
  • Чинара Ельмуратовна — заманауи мен дәстүрді үйлестірген;
  • Гүлнұр Берчимбетова — жарқын әрі ерекше образдарымен танымал;
  • Қанаатхан Қасымова (Қырғызстан) — шығыс пен батыстың үйлесімін көрсеткен;
  • Aden Yong** (Малайзия) — батыл тұлғаларға арналған интернационал стиль;
  • Bella Sopromadze — стрит-ретро-минимал стиліндегі лимиттелген топтамалар;
  • MYRZA бренді — ұлттық тамыры бар ұлдарға арналған киімдер;
  • Ольга Ким — Brosh Group компаниясының креативті жетекшісі және кәсіпкер.

Әлемдік деңгейдегі хореограф Melinda Lee мен дефиле қоюшы Алекс Ануфриевтің қатысуы ерекше назарға лайық. Балалар олардың жетекшілігімен үш айлық кәсіби дайындықтан өтті.

AYBA 7456 resized

Kids Face Fashion Show 2025 сән, креатив және шабыт мерекесіне айналып, қатысушылар мен көрермендерге ұмытылмас әсер сыйлады. Бұл жай ғана шоу емес — Қазақстандағы балалар сәнінің жаңа даму кезеңі, мұнда әр бала подиумда нағыз жұлдызға айналды.

Мұндай ауқымды әрі әсерлі шоу елімізде алғаш рет өтті. Ол өзінің шынайы жарқын, көркем әрі есте қаларлық атмосферасымен барша көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Барлық балалар жоғары кәсібилік пен сахнада сенімділікті көрсетті.

AYBA 7327 resized

Шоудың бағдарламасында сән көрсетілімдерімен қатар би және музыкалық нөмірлер де болды, бұл шараны тіптен көркем әрі мазмұнды етті.

Шоуға қатысушылар үш ай бойы кәсіби мамандардан құралған мықты командамен дайындалып, әр балаға ерекше көңіл мен жан-жүрек жылуы бөлінді.

Іс-шара БАҚ, сән индустриясы өкілдері, блогерлер мен инфлюенсерлер тарапынан кең қызығушылық тудырды.

Kids Face Fashion Show 2025 тек балалар сәнінің ғана емес, сонымен қатар Қазақстанның мәдени өмірінің жаңа кезеңі ретінде бағалануда.

AYBA 7407 resized

Ұйымдастырушылар туралы

KidsFace — Қазақстандағы жетекші балалар модельдік агенттіктердің бірі. 2016 жылы құрылған агенттік жас таланттарды дамытуға, олардың кәсіби фотосессияларға, сән көрсетілімдеріне және жарнамалық кампанияларға қатысуына мүмкіндік береді — ел ішінде ғана емес, халықаралық деңгейде де. Агенттік базасында 6000-нан астам бала тіркелген, және ол Алматы, Астана, Шымкент пен Ақтау қалаларында белсенді жұмыс істейді.

Агенттіктің жетістіктерінің артында оның негізін қалаушылар тұр:

  • Тұрдын Дана — KidsFace агенттігінің негізін қалаушысы және басшысы, халықаралық директор және Қазақстанның әлемдік байқаулардағы ресми өкілі, оның ішінде беделді Mr&Miss Teen Super Globe жобасы. 2024 жылы ол Бангкокта бұл байқаудың халықаралық директоры мәртебесін иеленіп, агенттіктің кәсіби және халықаралық деңгейін дәлелдеді. Оның жетекшілігімен KidsFace Мальдивтердегі фотосессиялар мен әлемдік глянец басылымдарында жарық көретін жобаларға қатысуда.
  • Тұрдын Аида — агенттік директоры, PR-маманы және модельдік агент. Ол брендті ілгерілету, кастингтер ұйымдастыру, фотожобалар мен халықаралық көрсетілімдерге қатысу жұмыстарымен айналысады. Оның жұмысы балаларға шығармашылық қабілетін ашуға, подиумда сенімді болуға және сән әлемінде кәсіби мансап құруға көмектеседі.

Kids Face Fashion Show 2025 — агенттіктің балалар сән индустриясында жаңа көкжиектер ашуға және Қазақстанның мәдени платформасын халықаралық деңгейде дамытуға ұмтылысының жарқын дәлелі.

 

Назира Бурханова

Фото: Айбек Кунакбаев @aybek.kn