Park Live Almaty фестивалінің лайн-абы Brass Orchestra оркестрімен өнер көрсететін бельгиялық-канадалық продюсер Apashe және электронды музыкадағы жаңа толқынның үніне айналған Elderbrook-пен толықты. Орталық Азиядағы ең ауқымды музыкалық шара — Park Live Almaty 5–7 қыркүйек күндері Алматыдағы Бірінші мамыр тоғанында өтеді.
Park Live Almaty биыл өнер көрсететін әртістерді таныстыруын жалғастырып жатыр: бұған дейін хабарланған Marilyn Manson, Röyksopp және Alan Walker-ға енді Apashe + Brass Orchestra және Elderbrook қосылды. Қонақтар үш күн бойы әлемдік деңгейдегі хедлайнерлерді тыңдап, серіктестер ұсынған ойын-сауық аумақтарында көңіл көтеріп, басқа да көп қызыққа куә болмақ.
5 қыркүйек
Apashe. Live with Brass Orchestra
Оркестр, бит және музыканың нағыз кинематографы. Apashe — электронды музыканы салтанатты симфониялық шоуға айналдыратын бельгиялық-канадалық продюсер. Оның тректері Netflix сериалдарында, әйгілі брендтер жарнамасында, блокбастерлер мен видеойындарда қолданылады. Tomorrowland және Lollapalooza сахналарын өртеген. Park Live Almaty-дағы лайв — электронды музыка мен оркестр үйлесімін тыңдауға берілген таптырмас мүмкіндік.
7 қыркүйек
Elderbrook
Электронды музыкадағы жаңа толқынның үніне айналған британдық әнші әрі продюсер. Оның Cola хиті әлем чарттарында көш бастап, Грэмми сыйлығын алса, Jungle, Diplo және RÜFÜS DU SOL-мен серіктестігі оның жоғары деңгейдегі музыкант екенін тағы бір дәлелдеді.
Park Live Almaty — музыкаға ғашық мыңдаған адамды баураған мекен.
5-7 қыркүйек, Алматы, Бірінші мамыр тоғаны.
Билеттер: park.live
Әлеуметтік желілер: Instagram | Telegram | Facebook | ВКонтакте