Алматыда мәдениет пен өнер саласындағы еліміздегі ең танымал марапат — Freedom Ticketon Awards премиясының сегізінші мәрте марапаттау рәсімі өтеді. Биылғы іс-шара 28 мамыр күні сағат 16:00-де онлайн форматта ұйымдастырылады. Тікелей эфирге қосылу сілтемесі: https://clck.ru/3MCQYw
3 наурыз бен 16 сәуір аралығында өткен дауыс беру кезеңінде қазақстандықтар өз таңдаулыларын қолдап, белсенді түрде дауыс берді. Халықтық дауыс беру нәтижесінде 142 875 дауыс жиналды.
Бұл жылы марапаттау форматы мен дауыс беру жүйесінде жаңалықтар бар. Жеңімпаздар үш түрлі дауыс беру нәтижесінде анықталады:
-
халықтық дауыс,
-
номинанттар арасындағы дауыс,
-
ұйымдастыру комитетінің таңдауы.
Халық күн сайын премияның ресми сайтында дауыс беріп, өз таңдауларын жасады. Номинанттар да арнайы промокодтар арқылы өз номинациялары бойынша дауыс беруге мүмкіндік алды, бірақ өздеріне дауыс беруге тыйым салынды. Ұйымдастыру комитетінің мүшелері де осындай жүйе арқылы дауыс берді.
Ұпайлар келесі тәртіппен есептеледі: халықтық дауыс беру нәтижесінде үміткер 50 ұпайға дейін жинай алады. Әрбір ұйымдастыру комитеті мүшесінің дауысы 15 ұпайға тең, ал әр номинанттың дауысы – 5 ұпай. Барлық кезеңдер аяқталғаннан кейін қорытынды нәтижелерді тәуелсіз аудиторлар тобы есептейді. Олар NDA келісіміне қол қойған және жеңімпаздар есімін салтанатты шара басталғанға дейін жариялауға құқығы жоқ. Жеңімпаздар тек тікелей эфир кезінде белгілі болады — тіпті ұйымдастырушылар үшін де бұл күтпеген жаңалық болмақ.
Freedom Ticketon — билеттер сату платформасы ретінде басталғанымен, бүгінде ол мәдени кеңістікте маңызды рөл атқарып, өнер мен көрермен арасындағы көпірге айналды. Премия үміткерлері Қазақстанның әр түкпірінде тұрады, олардың бір сахнада бас қосуы онлайн формат арқылы ғана мүмкін болып отыр.
Жеңімпаздар тізімін award.ticketon.kz сайтынан және @ticketonkz Instagram парақшасынан көруге болады. Марапаттау рәсімінің тікелей көрсетілімі 28 мамыр күні 16:00-ден 18:00-ге дейін өтеді. Трансляция сілтемесі: https://clck.ru/3MCQYw