Арнайы эффектілермен толықтырылып, шынайы формада қайта жасалған фильм 22 мамырдан бастап қалың көрерменге жол тартты.
«Лайло мен Стич 2 » мультфильмі не туралы дегенге келер болсақ.
Гавайиде тұратын 7 жасар Лило жұмбақ ғарыш жаратылысы Стичті адал және мейірімді үй жануарына қайта тәрбиелеуде. Біраз уақыттан кейін қыз балалардың Гавайи биі байқауында жеңіске жетуге үміттеніп, анасы сияқты епті және сымбатты болуды жоспарлайды, ал бейтаныс бөтен адам қорқынышты қорқынышты армандардан зардап шеге бастайды, онда ол қайтадан өзін басқаларға зиян келтіруге қабілетті деп санайды. Стичтің жағдайы күрт нашарлағанда, Лило мен бөтен планеталық ғалым Джумба Джукиба оны жаңа ғылыми құрылғымен құтқаруға тырысады.
Аса қуанарлық жаңалық. "Лило мен Стич" көркем фильмі алғаш рет қазақ тіліне тәржімаланды. Бұл - Disney компаниясының қазақ көрерменіне ұсынған кезекті сыйы. Аудармаға "Қазақ тілі" қоғамы мен "Tas groop" компаниялар бірлестігі демекшілік етті.
Классикалық мультфильм желісімен түсірілген жаңа фильмнің дубляж режиссері - Шах-Мұрат Ордабаев.
ШАХ-МҰРАТ ОРДАБАЕВ, дубляж режиссері:
Дисней дәстүр бойынша өзінің "мен-мен" деген туындыларын жаңаша түсіруді жөн көрді. Ал біз көрерменге ең үздік, ең жаңа, ең танымал дүниелерді дыбыстауымыз керек деп ойлаймын. Біз оған лайықпыз. Егер бұл фильмді Бразилияда, Испанияда, Францияда осы күні көретін болса, Қазақстан еш кем емес.
Кинотуындының басты кейіпкерлерінің бірі Стичті - дубляж режиссерінің өзі, екінші басты кейіпкер Лилоны жас актриса Айзере Беркінбай дыбыстаған. Сондай-ақ, теле-радио жүргізуші Қазбек Қасым мен стендап-әзілкеш Руслан Тай да бұл іске атсалысты. Ал Лилоның әпкесі Наниға актриса Айжұлдыз Адайбекқызы қазақша жан бітірген.
Нани рөлін дыбыстаған актриса АЙЖҰЛДЫЗ АДАЙБЕКҚЫЗЫ:
Наниді дыбыстау мен үшін өте үлкен жауапкершілік. Себебі, бұл жай ғана кішкентай дүние емес қой көрсетілетін. Бұны масштаб көреді, адамдар көреді. Балалар келеді. Сондықтан да дұрыс эмоцияны беру үшін бірталай еңбек етілді, тер төгілді. Мен үшін жаңа тәжірибе болды.
Қазақ тілінің дамуын қаласаңыз, қазақ тіліндегі сеансқа баруды ұмытпаңыз, оқырман!
Назира Бурханова