Тарихи мұра, жанды табиғат, қазақ дәстүрлері, әсем әуен мен спорт. Осының бәрін «Алтын Емел - құландар мекені» атты алғашқы этно-тарихи фестивалі біріктіреді. Фестиваль 17 қазанда «Алтын-Емел» ұлттық паркінің аумағында орналасқан Altynemel визит-орталығында өтеді. Ол Қапшағайдың солтүстік жағалауындағы Шеңгелді ауылынан 36 шақырым жерде орналасқан.

Кіру тегін!

Фестивальдің негізгі идеясы - дала табиғаты мен көшпелі мәдениеттің біртұтастығын көрсету. Мереке сағат 12:00-де құландарды табиғи мекенінде бақылаудан басталады. Одан кейін көшпенділердің жауынгерлік дәстүрлеріне арналған әсерлі қойылымдар ұсынылады. Көрермендер батырлардың «Қылыш айналдыру» өнерін тамашалап, «Айбалта шоуын» көре алады.

Сағат 13:30-дан бастап Шолақ тауларындағы петроглифтерге экскурсиялар ұйымдастырылады. Жартастарға қашалған аңшылық көріністері, жабайы жануарлардың бейнелері, арбаларға қатысты нышандар мен өзге де суреттер мыңдаған жылдар бұрынғы ата-бабаларымыздың өмірінен сыр шертеді. Сонымен қатар петроглифтерге, Жетісудың тарихы мен табиғатына арналған дәрістер өтеді.

Фестивальдің музыкалық бағдарламасында этникалық музыка өкілдері өнер көрсетеді. Көрермендер Arkaiym тобын, қобызшы Ләйлә Тәжібаеваны және шаңқобыз шеберлерін тыңдай алады.

Фестивальдің жас қонақтарын ойындар мен квесттер күтеді. Ал ересектер петроглифтерді салу, түркі руникалық жазуын тану, экспедиция кезіндегі маңызды дағдылар, қолөнер және аспаздық бойынша шеберлік сабақтарына қатыса алады. Сондай-ақ фестиваль қонақтары қолөнер жәрмеңкесін аралап, шеберлердің бұйымдарымен танысады.

Спорт сүйер қауым үшін де арнайы бағдарлама әзірленген. Фестиваль өтетін күні таңертең Шолақ тауларының көркем табиғаты аясында 10 және 5 шақырымдық қашықтықтарға жүгіру жарысы өтеді. Қатысушылар Алматы қаласының танымал суретшісі Санжар Жұбанов жартастарға қашап салған суреттерге дейінгі бағытпен жүгіріп өтеді.

Күні: 17 қазан 2026 ж

Жүгіру жарысының басталуы: 09:30

Фестивальдің басталуы: 12:00

Өтетін орны: Altynemel визит-орталығы, Қапшағайдың солтүстік жағалауы
Картадан көру
Фестиваль өтетін күні визит-орталық жұмыс істейді.

Жүгіру жарысына тіркелу және спортшыларға арналған трансфер:
https://forms.gle/6GhwRUR3TbFGwcfb6

Қонақтарға арналған трансферге алдын ала тіркелу: +7 707 976 7070 (WhatsApp)

Анықтама үшін: +7 707 976 7070 (WhatsApp)

Instagram: https://www.instagram.com/qulanfest/

Ұйымдастырушылар: Qazaq National Parks ЖШС, «Петроглиф ізшілері» қоғамдық қоры, «АЛТЫН ЕМЕЛ» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, Central Asian Sustainable Tourism Development Foundation және DDA креативті агенттігі. Фестиваль Жетісу облысының әкімдігі мен «Остров Крым» зертханасының қолдауымен өтеді.