Алтын-Емелде 17 қазанда тарих пен табиғатты тоғыстырған фестиваль өтеді
Тарихи мұра, жанды табиғат, қазақ дәстүрлері, әсем әуен мен спорт. Осының бәрін «Алтын Емел - құландар мекені» атты алғашқы этно-тарихи фестивалі біріктіреді. Фестиваль 17 қазанда «Алтын-Емел» ұлттық паркінің аумағында орналасқан Altynemel визит-орталығында өтеді. Ол Қапшағайдың солтүстік жағалауындағы Шеңгелді ауылынан 36 шақырым жерде орналасқан.