Наурыз мерекесі туралы 180 мың видео: TikTok онлайн-фестивальдің қорытындысын жариялады
TikTok #Наурыз2025 дәстүрлі түрде өтетін мерекелік онлайн-фестивальдің қорытындысын шығарды. Бұл шара осымен биыл үшінші рет өтіп отыр. Платформаның қолданушылары бұл бастаманы зор құлшыныспен қолдады: жоба өткен екі аптаның ішінде қазақстандықтар Наурыз мерекесіне қалай дайындалып, қалай атап өтетіні туралы 25 мыңнан астам видео жариялаған. Фестиваль өткізіліп келе жатқан үш жыл ішінде қолданушылар Наурыз мерекесі туралы жалпы саны 180 мыңға жуық видео түсіріпті.