ЮНЕСКО Орталық Азиядағы криосфера өзгерістеріне бейімделуге арналған өңірлік семинарды ұйымдастырады
Климаттың өзгеруі қазіргі кездегі басты проблемалардың бірі болып табылады және Орталық Азияның әрбір өңірі үшін анағұрлым күрделі қатерлердің біріне айналды. Алматы қаласында, ағымдағы жылдың 3 және 4 сәуір күндері бірінші өңірлік семинар өткізіледі, онда табиғи апаттар түрінде ауыр салдарды тудыруға қабілетті ауа-райы өзгерістеріне және экологиялық проблемаларға байланысты ең маңызды мәселелер қаралатын болады.