Қазақстанда "Жасанды интеллект әліппесі" кітабының тұсаукесері өтті. Еңбек — қарқынды дамып келе жатқан жаңа сала туралы алғаш рет қазақ тілінде жазылған түпнұсқа болуымен ерекшеленеді. Іс-шара барысында TurkAI – түркі мемлекеттерінің жасанды интеллектшілер қауымдастығының құрылғаны хабарланды. Сондай-ақ салалық «AI-hub» компаниясы мен ai-hub.kz сайты таныстырылды.