2021 жылдың 1 қыркүйегі мен 30 қазаны аралығында Қазақстанда "Қазақстанда әркім маңызды!" ұраны аясында жалпыұлттық халық санағы өтеді.

Халық санағы тиімді басқару шешімдерін қабылдау үшін қажетті талдамалық деректерді, оның ішінде халықтың нақты санын, жас құрамын, гендерлік құрамын және басқа да мәліметтерді алуға мүмкіндік береді. Осылайша, санақ қорытындысы бойынша қалалық шешімдер әрбір алматылықтың қамтылуын ескере отырып қабылданатын болады. Алматыда кешенді дайындық жұмыстары басталып кетті. Санақ онлайн және оффлайн режимде өтетінін ескере отырып, санақ процесіне өтеулі қызмет көрсету шарты негізінде, аудан бойынша, учаске бойынша уәкілдер, нұсқаушы-бақылаушылар, тіркеушілер мен сұхбаттасушылар ретінде 3,5 мыңға жуық адам тартылды. Олар аудан бойынша, нысандарды аралау мен бақылауды жүзеге асырады, сауалнама парақтарын толтырады.

Сонымен, 1 маусымнан 30 маусымға дейін сұхбат алушылар, нұсқаушы-бақылаушылар және сұхбатшылар, тұратын адамдардың мекен-жайы мен санын анықтау үшін барлық тұрғын және тұрғын емес үй-жайларды аралайды. Интервьюердің яғни сұхбатшының мөрімен расталған куәлігі, сондай-ақ 2021 Ұлттық санағының символикасы бар көк түсті шарфы мен портфелі болады. Аралау қорытындысы бойынша аудандастыру жүргізіледі, яғни Алматы қаласының аумағы есептік учаскелерге бөлінетін болады.

2021 жылғы Ұлттық санақтың басты жаңалығы қазіргі заманғы цифрлық технологияларды енгізу және процесті автоматтандыру болатындығын атап өту маңызды, яғни қала тұрғындарына сауалнама парақтарын онлайн режимінде өз бетінше толтыру мүмкіндігі беріледі.
1 қыркүйектен бастап sanaq.gov.kz арнайы сайты жұмысын бастайды, мұнда қазақстандықтар 15 қазанға дейін онлайн-режимде санаққа қатысты барлық сұрақтарға жауап береді.

Қазан айындағы жалпы аралау кезінде сұхбаттасушылар электрондық планшеттердің көмегімен белгіленген мерзімде онлайн-режимде санақтан өтпеген респонденттер арасында сауалнама жүргізетін болады. 2021 жылғы ұлттық санақты өткізу кезеңінде еліміздің бүкіл аумағында "1446" нөмірі бойынша ұялы және стационарлық телефондарға арналған бірыңғай call-орталық жұмыс істейді. Сондай-ақ, 8 8000 800 878 нөмірі жұмыс істейді. Call-орталыққа қоңырау шалу тегін.