Жүргізілген тексеру қорытындысы бойынша қаланың көше-жол желісінде Алматы Арена ауданында және Назарбаев даңғылы мен Достық даңғылы, Сәтбаев көшесі бойында жаңа алаңда бөлшектелген брусчаткадан 2 мыңнан астам орын анықталды. Қазіргі уақытта 80 жұмысшы, 30 арнайы техника шығарылды.
Сондай-ақ, 120-дан астам жол белгілері зақымдалғаны анықталды. Бүгінде олардың 80-і қалпына келтірілді. Сонымен қатар, қалада бағдаршам нысандарын қалпына келтіру жұмыстары басталды. Бұған дейін хабарланғандай, қалада 40-тан астам бағдаршам зақымдалған. Олардың 15-і 9 қаңтарда қалпына келтірілді. 10 қаңтарда 7 бағдаршам объектісіне күрделі жөндеу жүргізу жоспарлануда.
Қаланың көше-жол желісін қалпына келтіру және тексеру жұмыстары жалғасуда.