Мемлекет басшысының зардап шеккен бизнесті қалпына келтіру және қаланы одан әрі дамыту туралы тапсырмаларын орындау бойынша Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қала активінде сөйлеген сөзінде алматылықтардың әл-ауқаты мен жұмыспен қамту тиімділігін арттыру шаралары туралы айтып берді.
«Біз сауданың, оның ішінде онлайн-сатудың жаңа форматтарын енгізу пайдасына нарықтық саудаға негізделген экономиканың қалыптасқан форматынан ауытқитын боламыз», - деп атап өтті Б. Сағынтаев.
Әкімдік цифрландыру, креативті индустрия, өнеркәсіп және басқа да жоғары өнімді салаларды дамыту есебінен экономиканың құрылымдық реформаларын жүргізуде.
Алматы әкімінің айтуынша, сұранысқа ие кадрлардың болмауы еңбек нарығының нақты қажеттілігінің сәйкессіздігіне алып келеді.
«Осыған байланысты білім, қоғамдық даму, әлеуметтік әл-ауқат басқармаларына кадрларды даярлау кезінде колледждердің бағдарламаларын қайта қарауды тапсырамын», - деді Б. Сағынтаев.
Жұмыспен қамту мен өмір сүру сапасын арттырудың маңызды қадамы іскерлік белсенділікті ынталандыру болады. Соңғы екі жылда негізгі капиталға салынған инвестициялар 820 млрд-тан рекордтық 1 трлн 200 млрд теңгеге дейін өсті. Бұл ретте әлеуметтік салаға инвестициялар 12%-ға өсті.
2025 жылға дейін іске асырылатын 4,5 трлн теңгеге 396 инвестициялық жобадан пул құрылды. Өткен жылы 10 мың жұмыс орнын құрумен 83 жоба аяқталды. Өткен жылы барлығы 55 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды. Биыл тағы 80 жобаны іске асырамыз, онда 11 мыңға жуық жаңа жұмыс орны құрылады.
Алматының Индустриалды аймағында 2 жыл ішінде 10 жаңа кәсіпорын пайдалануға берілді.
Сонымен қатар іске асырылмайтын 25 жоба алынып тасталды және 110 га босатылды, босатылған аумақтарға 37 жаңа жоба тартылды, оларда 3615 жаңа жұмыс орны құрылады. Биыл 15 жобаны іске қосу жоспарлануда.