Қазақстанның 14 өңірінде Ұлттық экономика министрлігінің «Ынтымақтастық қоры», ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия және «Атамекен» ҰКП серіктестігі аясында 14 әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы ашылды. Бастама Азия Даму Банкінің қаражаты есебінен қаржыландырылады және оны Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасы жүзеге асырады.
2021 жылдың қараша айында ашылған Орталықтарға бүгінгі таңда 500-ден астам әйел өтініш білдіріп, осы өңірлердегі негізгі тақырыптарын анықтау үшін қажеттіліктеріне байланысты талдау жұмыстары жүргізілді. Жақында арада әйелдердің анықталған тақырыптарының қажеттіліктері бойынша алғашқы тренингтер өткізілетін болады.
Қазақстанда еңбекке жарамды халықтың ішінде әйелдер саны 7 млн адамды құрайтынын атап өткен жөн. Бұл ерлерге қарағанда 350 мың бірлікке артық көрсеткіш. Егер ел экономикасының салаларында әйелдерді жұмыспен қамту құрылымына қарайтын болсақ, бүгінде әйелдер дәстүрлі түрде өндірістік емес салада басым болып отыр. Олардың сегменттері болашақ кәсіптер каталогының басында тұр. Атап айтқанда, денсаулық сақтау мен білім беруде әйелдердің үлесі 72%, тамақтану және орналастыру қызметтерін ұсыну бойынша қызметте – 64%, қаржы саласында – 57%, өнер, ойын-сауық және демалыс саласында –57%-ды құрайды.
«Әйелдердің экономикаға белсенді қатысуы қоғам мен экономика жетістігінің негізгі факторы болып табылады. Біз кәсіпкер әйелдердің саны, сондай-ақ олардың экономиканы дамытудағы маңызы артып келе жатқанын көріп отырмыз. Әйел-кәсіпкерлер экономиканың қозғаушы күшіне айналуда, сондықтан біз оларды қолдау және алға жылжыту маңызды деп санаймыз. Әйелдер бизнесте жауапкершілігі мол, бірақ барлық мүмкіндіктерді есептеу, тәуекелдерді бағалау, жұмыс істейтін бизнес-жоспар құру үшін болашақ кәсіпкерлерде көбінесе тәжірибе мен ерекшеліктер жетіспейді. Сондықтан да біз өз бизнесі бар әйелдерді немесе өз ісін ашуға бел буғандарды орталыққа шақырамыз, онда олар бизнесті ашуға немесе жүргізуге байланысты түрлі мәселелер бойынша тегін көмек ала алады», - деді орталықтың ашылуында Айтуар Қошмамбетов.
Палата директорының орынбасары Ақеркин Эралиева бұл орталық жаңа бизнес ашуға немесе оны табысты етуге, ілгерілетуге және дамытуға дайын әйелдерге үміт, жаңа мүмкіндіктер береді деп санайды.
Орталықтар кәсіпкер әйелдерді қаржылай емес қолдау алаңына айналуға тиіс, онда олар стартаптарды іске қосу, жұмыс істеп тұрған бизнесті одан әрі кеңейту және дамыту үшін бірқатар қызметтер ала алады, сондай-ақ оқыту бағдарламалары мен нетворкинг-іс-шараларға қатыса алады.
Қызығушылық танытқан барлық әйел азаматшаларды Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасы жанынан ашылған және жұмыс істеп жатқан орталыққа кеңес алуға шақырамыз.