Биылғы жылы отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға алматылық полицелер басымдық берді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматы қаласы полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Айтан Елеусізов мәлімдеді.

Отбасылық зорлық-зомбылық - Алматыдағы ең өткір әлеуметтік проблемалардың бір. Өткізіліп жатқан іс-шаралар мен күшейтілген шараларға қарамастан, отбасылардағы зорлық-зомбылық жағдайлары назар аударуды және кешенді тәсілді қажет ететін жиі құбылыс болып қала береді.

«Осы жылдың алғашқы бес айында Алматыда отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында 23 қылмыс тіркелді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 95% - ға айтарлықтай төмендеу, бұл қабылданған шаралардың оң нәтижелерін көрсетіп отыр», - деді Айтан Елеусізов.

Отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында бұзушылықтарға жол беретін адамдарға қатысты профилактикалық ықпал етудің негізгі шараларының бірі профилактикалық есепке қою және жеке-профилактикалық жұмыс жүргізу, алкоголизмнен мәжбүрлеп емдеуге жіберу болып табылады.

ӨКҚ спикері ағымдағы кезеңде профилактикалық есепке 3717 адам қойылғанын, оның ішінде 3279-ына қорғау ұйғарымы шығарылғанын және 438 адамның құқық бұзушының мінез-құлқына ерекше талаптар белгіленгенін атап өтті.

Мамандандырылған емдеу-алдын алу мекемесіне ағымдағы кезеңде 90 адам мәжбүрлеп емдеуге жіберілді.

Осылайша, қорғау нұсқамасын бұзғаны үшін (ҚР ӘҚБК 461-бабы) 196 құқық бұзушы жауапқа тартылды.

126 адам ҚР ӘҚБК 669 – бабы құқық бұзушының мінез-құлқына қойылатын ерекше талаптарды бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды.

Отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қайшы әрекеттері үшін (ҚР ӘҚБК 73 – бабы) – 1275 адам жауапқа тартылды.

ҚР ӘҚБК (ұрып-соғу) 73-1-бабы 1-1-бөлігі бойынша 362 адам жауапқа тартылды.

ҚР ӘҚБК-нің 73-2-бабы 1-1-бөлігі бойынша (денсаулыққа жеңіл зиян келтіру) – 883 адам жауапқа тартылды.

Аудандық полиция басқармасының әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі тобының (МТЖК) инспекторлары зорлық-зомбылыққа ұшыраған, сондай-ақ осы бағыттағы қолданыстағы заңнаманы түсіндіру бойынша жүгінген әйелдерге жеке көмек көрсетеді. Сенім телефоны бойынша 321 әйелге консультациялық көмек көрсетілді.

Жыл басынан бері МТЖК инспекторлары консультативтік-құқықтық көмекке жүгінген 391 әйелді қабылдады.

Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Комиссияның, Білім беру, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау органдарының, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерін тарта отырып, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған жедел-профилактикалық іс-шаралар тұрақты негізде жүргізіледі.

Бұдан басқа, үкіметтік емес ұйымдармен (ҮЕҰ) 101 кездесу ұйымдастырылды, онда ҮЕҰ-ның полициямен өзара іс-қимылының оң тәжірибесі зерделенді, зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге психологиялық көмек көрсетудің тиімділігі және отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алудың проблемалық мәселелері, сондай-ақ оларды шешу жолдары бағаланды.

Криминогендік жағдайды сауықтыру, отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтарды болдырмау мақсатында «Тұрмыс», «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ», «Бақытты отбасы» профилактикалық іс-шаралары жүргізілді.

Ақпарат көзі: Алматы қаласының ӨКҚ