Жаңа жыл жақындаған сайын Алматыда қысқы көңіл-күй де ерекше сезіле бастады. 1 желтоқсаннан бастап қалада 12 тегін мұз айдыны іске қосылды. Назарбаев пен Ганди көшесінің қиылысындағы ең танымал мұз айдыны үй-ішімен келіп демалатындар мен қыс маусымын қатты сағынып қалғандар бас қосатын ең тартымды жерге айналғалы тұр.
Халықтың көбі мұнда топ-топ болып сырғанауға келеді, отбасылар балаларымен уақыт өткізеді осында, мектеп оқушылары да бос уақытында сырғанап қайтқанды қалайды. Мұнда олар ақша шығындамай-ақ, көңіл көтеріп қайтады.
Мұз айдынында шетелдіктердің де қарасы көп. Үндістаннан келген қонақтар да осында арнайы келіпті. Көбі мұндай сырғанақты алғаш көріп тұрған беті екен. Біресе құлап, қайта тұрып, олар айналасындағыларға алған әсерін айтып жатты.
Мұздың жағдайын кәсіби мамандар қадағалап отырады: олар арасында мұзды тегістеп, қайта құяды. Айдынға келгендер сол кезде коньки алып, тебе алады. 2 сағатқа — 2500 теңге, студенттерге — 2000, балаларға — 1500 теңгеден. Сырғанаудан жөн көрсетіп отыратын нұсқаушы да бар. Оның қызметі 5000 теңгедей болады. Мұз айдыны қосымша жабдықпен қамтамасыз етілген, ассистенттер коньки тебуді енді үйреніп жүргендерге ақыл айтып, сырғанауды тез үйреніп кетуіне көмектеседі.
Алматыдағы мұз айдындары тегін болумен қатар, сонымен бірге тұрғындар мен қонақтар достарымен, отбасымен келіп, қысқы мерекені есте қаларлықтай етіп өткізетін алаңға да айналды.
Ақпарат көзі: Алматы қаласының ӨКҚ