Алматыдағы ересектерге арналған инфекциялық ауруханаға түскен өтініштің 75%-ы ЖРВИ белгісіне байланысты
І. Жекенова атындағы қалалық инфекциялық аурухана ЖРВИ, тұмау мен басқа да инфекциялық ауруы бар ересек пациенттерге медициналық көмек көрсетуді жалғастырып жатыр. Қолға алынған іс-шаралар туралы Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында инфекциялық аурухананың директоры Айгүл Абдрахманова жан-жақты баяндады.