Алматыдағы жұмыс орындарының жартысын шағын және орта бизнес қамтамасыз етіп отыр
Алматы еліміздегі кәсіпкерліктің басты орталығы ретіндегі мәртебесін нығайтып жатыр. 2025 жылы шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдауға 50,6 млрд теңге бөлінді. Бұл Қазақстандағы басқа өңірлермен салыстырғанда ең көп қаржы. Өңірлік коммуникациялар қызметінде Алматы қаласы әкімінің орынбасары Олжас Смағұлов осылай деп мәлімдеді.