Алматыда журналистер «Гүлдер» саябағы қалай өзгеріп жатқанын көрді
Жетісу ауданының әкімдігі мен Өңірлік коммуникациялар қызметі бірлесіп ұйымдастырған баспасөз турында журналистер «Гүлдер» саябағындағы абаттандыру жұмысымен танысты. Аудан әкімі Ләззат Жылқыбаеваның айтуынша, саябақты жөндеу мен абаттандыру жобасын іске асыру 2025 жылдың 8 мамырында басталыпты. Жобаның мақсаты – аудан тұрғындары мен қонақтарына арналған жайлы әрі экологиялық таза демалыс аймағын құру. Осының аясында кешенді көгалдандырып, инфрақұрылымды жақсартып, аумақтың эстетикалық келбетін арттырмақ. Абаттандыру жұмысы 13 гектарды қамтиды.