Алматыда АХАТ функцияларының ХҚКО - ға берілетіні туралы айтты
1 шілдеден бастап АХАТ бөлімдерінің функциялары "Азаматтарға арналған үкімет " Мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ-ға беріледі. Жаңашылдық АХАТ бөлімдерін жабуды көздемейді, олар тиісті құзыретімен ХҚКО-ларда орналасатын болады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Алматы қаласы Әділет департаментінің өкілдері айтты.