Алматыда онкологиялық көмек алған шетелдік науқастар көп тіркелді
Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының сарапшылары қатысқан брифинг өтті. Алматы шетелдік пациенттерді тартатын, онкологиялық ауруларды кешенді емдейтін негізгі орталықтың біріне айналғаны айтылды онда.