Жыл соңына дейін Медеу ауданында көшелердің барлығы 100 пайыз жарықтандырылады
Алматы қаласының Медеу ауданында сыртқы жарықтандыру жүйесін жаңғырту жұмыстары жалғасуда.Ағымдағы жылдың соңына дейін аудан аумағындағы барлық көшелерде, соның ішінде орталық магистральдар, жекеменшік жерлер мен бау-бақша серіктестіктерінде де - толықтай жарықтандыру орнатылады. Бұл жөнінде аудан әкімі Еркебұлан Оразалин Өңірлік коммуникациялар қызметінде хабарлады.