Алматыда 9 мыңнан астам нысан «Инвагов» интерактивті қолжетімділік картасына енгізілді
Қазақстанда қолжетімді ортаны бақылаудың негізгі құралдарының бірі - «Инвагов» интерактивті қолжетімділік картасы. Бұл цифрлық ресурс әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы нысандарының қолжетімділігі туралы ақпарат алуға мүмкіндік беріп қана қоймай, қоғамдық бақылаудың тиімді тетігі болып саналады.