Қарасай батыр көшесі жаяу жүргіншілердің аллеясына айналады
Қарасай батыр көшесіндегі жаяу жүргіншілер аллеясын абаттандыру жұмысы аяқталып қалды. Бұл аллея Наурызбай батыр көшесінен Абылай хан даңғылына дейінгі аралықты қамтыған. Қала орталығының маңызды бөлшегіне айналған көше енді жаңа сипатқа ие болып, заманға лайық, жайлы және көгалдандырылған кеңістікке айналды. Жоба «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында қолға алынып, ол жақын маңдағы жаңартылған Қарағайлы скверімен жалғасқан.