Алматыда 11 500 домбырашы қатысқан ауқымды флешмоб өтті
Көктемгі демалыс қарсаңында Алматы ерекше мәдени оқиғаның орталығына айналды. Almaty Arena-да 11,5 мыңнан астам жас домбырашының басын қосқан ауқымды флешмоб өтті. Қаланың түкпір-түкпірінен келген мектеп оқушылары бір мезетте күй мен заманауи композицияларды орындап, кеңістікті ұлттық аспаптың қуатты үнімен тербетті.