Алматыдан Еуропаға: мегаполис колледждері студенттері Еуропа елдерінде тәжірибеден өтуде
Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Алматы технологиялық колледжінің директоры Ерулан Карагулов ел экономикасын дамыту үшін техникалық және кәсіптік білім берудің (ТжКБ) маңыздылығына тоқталды. Соңғы 20 жылда қазақстандық колледждер әртүрлі салалар үшін 3 миллионнан астам маман дайындаған.