Алматыда Горький атындағы елорда театрының гастрольдік сапары басталды
Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған Астана қаласының М. Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрының 24-28 қыркүйек аралығында өтетін гастрольдік сапарларының басталуына орайластырылған көшпелі баспасөз конференциясы өтті.