Алматы қаласының ҚХА өкілдері Республика күнінің маңыздылығы туралы айтты
Қазақстандықтар 25 қазанда Ұлттық мереке – Республика күнін атап өтеді. Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Республика күнін мерекелеудің маңыздылығына, халықтар мәдениетін, олардың тілдерін дамытуға және ұлттық бірегейлікті нығайтуға арналған брифинг өтті.