Проект по присуждению грантов “Тәуелсіздік ұрпақтары” направлен на реализацию молодежных инициатив в возрасте от 14 до 35 лет, являющихся постоянными жителями города Алматы. Подробнее о самом конкурсе рассказали организаторы мероприятия в ходе брифинга на Региональной службы коммуникаций города Алматы.

Алматыда шілде айында 214 мемлекеттік білім беру ұйымдарына 2023-2024 оқу жылына дайындығын анықтау мақсатында мониторинг жүргізілді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Алматы қаласының Білім сапасын қамтамасыз ету департаментінің басшысы Гүлнар Ермекбаева айтып берді.

В Алматы в июле месяце 214 организаций среднего образования были охвачены мониторингом с целью определения готовности к 2023-2024 учебному году. Подробнее об этом на площадке Региональной службы коммуникаций рассказала руководитель Департамента по обеспечению качества образования Алматы Гульнара Ермекбаева.

Постановлением правительства РК от 26 июля 2023 года утверждено "Соглашение между Правительством Республики Казахстан и Правительством Китайской Народной Республики о взаимном освобождении от визовых требований".

Ішек инфекцияларымен байланысты аурулар жазда күшейе түседі. Жылы және ылғалды ауа-райы инфекция қоздырғыштарының көбеюіне барлық қолайлы жағдай жасайды. Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде И. С. Жакенов атындағы қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының инфекциялық бөлімшесінің меңгерушісі, жоғары санатты инфекционист дәрігер Евсеева Мээрим Болатқызы аурудың алдын алу шараларымен бөлісті.

Дәрігер мәліметінше, сәуір айынан бастап Алматы қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасына ішек инфекциясы белгілері бар бір жарым мыңға жуық адам жүгінген, оның 854-і ауруханаға жатқызылған.

«Бүгінгі таңда әлемде жіті ішек инфекциялары ауруларын жұқтыру екінші орында тұр. Жыл сайын көктем-жаз кезеңінде ішек инфекцияларының саны артады. Республикалық санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің деректері бойынша биыл Қазақстанда жіті ішек инжфекцияларымен сырқаттанушылық 36,7% - ға өсті. Бұл халық арасында гигиеналық дағдыларының бұзылуымен ғана емес, сонымен қатар микробтардың көбеюі үшін оңтайлы жағдайлармен де байланысты. Әсіресе, жазда ішек инфекциясы қоздырғыштарының көбеюіне қажетті барлық факторлар, атап айтқанда су, тамақ, лас қолдар мен тұрмыстық заттар мүмкіндік жасайды. Сонымен қатар, жұқпалылықты арттыратын аралық факторлар да бар - олар шыбындар», - деп бөлісті спикер.

Сонымен бірге, маман шетелде демалу кезінде тек бөтелкедегі суды пайдалануды, қолды үнемі жууды және экзотикалық жемістерді алдын-ала өңдеусіз тұтынбауды ұсынады. Өйткені, тырысқақтың барлық тіркелген жағдайлары өзге елдерден келген. Аса қауіпті инфекциямен сырқаттану 30 елде тіркелген, оның ішінде Үндістан, Түркия, Қытай, Филиппин, танымал және туристер жақсы көретін орындар.

Дәрігердің айтуынша, ішектің инфекциясы бөліміне түскен адамдардың жартысы аурудан 2-3 күн бұрын, әдетте, қала маңындағы танымал жағажайларға баратындар. Мұның себебі көбінесе тағамды дұрыс өңдемеу және дұрыс сақтамау болып табылады.

«Біздің халық әлі күнге дейін жуылмаған көкөністер мен жемістерді жегеннен кейін жұқпалы аурулар ауруханаларына түседі. Бір қарағанда, таза жемістерді таза қолмен жеу оңайы жоқ сияқты. Ковид карантинін естеріңізге түсіріңіздерші - бәрі санитайзерлерді қолдана бастаған кезде, инфекция тізбегі үзіліп, ішек инфекцияларының тіркелуі бірнеше есе төмендеді. Енді жағажайларда, базарларда не болып жатқанын қараңыз – қоқыс үйінділері, шыбындар, тамақ қалдықтары бүкіл аумаққа шашылыуы - микробтардың көбеюі үшін негізгі қоректік орта», - деді ол.

Сарапшының ұсынысы бойынша табиғат аясына барарда үйде барлық көкөністер мен жемістерді алдын-ала жуып, тез бұзылатын өнімдерді тоңазытқыш сөмкеде сақтау керек. Ылғал майлықтар мен санитайзерлер міндетті түрде машинаның багажында болуы керек. Су қоймасында шомылу кезінде жағымсыз салдардан аулақ болу үшін суды жұтып қоймаңыз.

Инфекцияның таралуында жаппай сауда да маңызды рөл атқарады. Азық-түлік арқылы жұқтыру екі жағдайда болуы мүмкін, егер ол дұрыс сақталмаса немесе сатушы санитарлық нормаларды сақтамаса, дейді сарапшы.

«Көбінесе бұл өнімді пайдаланғандардың барлығы дерлік бір уақытта ауырған кезде пайда болады. Бұл жағдайда жіті ішек инфекциясының тамақ арқылы таралу факторының алдын-алуға келетін болсақ, мұнда қоғамдық тамақтану орындары үшін арнайы жасалған санитарлық нормаларды сақтау бірінші орынға шығады. Мысалы, шикі және пісірілген тағамдардың бір-бірімен байланыста болуына жол бермеңіз. Пісіру үшін тек қауіпсіз өнімдерді қолданыңыз, мысалы, шикі емес, пастерленген сүт. Салат жапырақтары сияқты шикі түрде тұтынылатын тағамдарды мұқият жуыңыз. Пісірілген тағамды кешіктірмей жеңіз. Қалған тамақты тоңазытқышта сақтаңыз, бірақ бір тәуліктен артық емес», - деп бөлісті М.Евсеева.

Құсу, іш өту және әлсіздік сияқты аурудың алғашқы белгілері пайда болған кезде дәрігерлермен кеңесу керек, өзін-өзі емдеп және дәрі-дәрмектерді өз бетінше тағайындау ұсынылмайды.

«Егер сізде аурудың жеңіл симптомдары болса, онда сіз өзіңізге үйде-ақ көмектесе аласыз. Мысалы, регидрон ұнтағын сұйылтып, ағдадағы тұздардың орнын толтыру үшін оны күні бойы кішкене бөліктерде ішіңіз. «Смекта» да көмектесе алады – бұл препарат ішектің шырышты қабығын дезинфекциялайды және жабады. Ешбір жағдайда ауырсынуды басатын дәрілерді қабылдауға, ішті жылытуға немесе ауырсынуға төзуге болмайды. Дәрігерлерге көрінген дұрыс, өйткені ішек инфекциясы мидың ісінуіне, бүйрек немесе бауыр жеткіліксіздігіне және ағзаның қатты сусыздануына әкелуі мүмкін», - деп қорытындылады дәрігер.

Пик заболевания кишечными инфекциями приходится на летний период. Теплая и влажная погода создает все благоприятные условия для размножения возбудителей инфекции. Выступая на брифинге Региональной службы коммуникаций, заведующий инфекционным отделением Городской клинической инфекционной больницы имени И. С. Жакеновой, врач инфекционист высшей категории Евсеева Мээрим Болатовна поделилась мерами профилактики заболевания.

Министр внутренних дел приказом от 20 июля 2023 года внес изменения в Правила подготовки водителей механических транспортных средств и Правила приема экзаменов и выдачи водительских удостоверений.