Алматыда эпидемиологиялық жағдай тұрақты – СЭБД
Алматыда ЖРВИ мен тұмау бойынша эпидемологиялық жағдай тұрақты. Өткен аптада қала аумағында ЖРВИ – ның 9890 жағдайы тіркелді, бұл өткен аптаның көрсеткіші деңгейінде және өткен жылдың ұқсас кезеңінің көрсеткішінен 9,8% - ға төмен. Бұл туралы ӨКҚ алаңында Алматы қаласы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова кеңірек айтып берді.