Алматы тұрғындары өз бизнесін дамытуға 500 млн теңгеден астам қаражат алады
2023 жылға 517,5 млн теңге сомасына 375 грант беру жоспары бекітілді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында кәсіпкерлікті қолдау шаралары туралы Алматы қаласының Жұмыспен қамту орталығының директоры Сағындық Кенжебаев айтып берді.