Алматы Азаматтық Альянсы қалалық мәселелерді шешуге қалай көмектеседі?
2024 жылы Алматы Азаматтық Альянсы Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ) бойынша қоғамдық мониторинг орталығын іске қосты. Орталық үкіметтік емес ұйымдардың (ҮЕҰ) жобаларының тиімділігін талдаумен айналысады. Бұл туралы Алматы Азаматтық Альянсының төрағасы Каиржан Абдыхалыков Өңірлік коммуникациялар қызметінде (ӨКҚ) өткен баспасөз конференциясында айтты.