Алматының дәрігерлері туристерге шетелде демалудың шарты мен жазғы инфекциядан сақтанудың жолын түсіндірді
Демалыс маусымы қарсаңында шетелге сапарға шығатын Алматы тұрғындарына инфекциядан сақтанудың жолын түсіндірді. Мамандар холера, денге қызбасы, ротавирустық және өзге де ішек инфекциясының алдын алуға қатты көңіл бөліп отыр. Өңірлік коммуникациялар қызметінде Алматы қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аса қауіпті инфекциялар мен туберкулезге эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің басшысы Жайдаркүл Отарбекова осы туралы баяндады.