Қоршаған ортаға келтіретін зиянды азайту үшін Алматыдағы ЖЭО-2 жаңартылып жатыр
Алматы қаласында «Қоршаған ортаға әсерін барынша азайта отырып, Алматы ЖЭО-2-ні жаңғырту» атты ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Жылу электр орталығын жаңарту қаланың энергиямен жабдықтау сенімділігі мен тиімділігін төмендетпей, атмосфераға зиянды заттардың шығарылуын айтарлықтай қысқартуға мүмкіндік береді.