Жолдар, арықтар, автобустар: Әуезов ауданы қалай өзгеріп жатыр
Алматы қаласының Әуезов ауданында жол-көлік инфрақұрылымын жаңғырту және қауіпсіздік деңгейін арттыру бойынша жүйелі жұмыс жалғасып жатыр. Бұл шаралар тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға, көлік қолжетімділігін арттыруға және көшелердегі тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл туралы Алматы өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында аудан әкімі Абзал Егембердиев мәлімдеді.