Жұмыссыз алматылықтар жаңа мамандықты тегін алып, жұмысқа орналаса алады
Жұмыссыз қалған адамдар үшін Алматының мансап орталығында қысқа мерзімді кәсіптік оқыту көзделген. Ол тегін жүргізіледі, алты айдан аспайды және бүкіл оқу кезеңіне шәкіртақы төлеуді көздейді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Алматы қаласының Мансап орталығының басшысы Әділет Жаңабаев мәлімдеді.