Өткен аптада 23 мыңнан астам алматылық ЖРВИ-мен науқастанып қалды
Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматы қаласы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова тұрғындар арасында ЖРВИ мен тұмаудың алдын алу жөнінде айтып, маңызды тақырыпты көтерді.