Қазақ спорты жаңа технологияларға сенім арта бастады
Алматыда «спортшының генетикалық паспорты» әзірленіп, патенттелді. Бұл технология ДНҚ талдауы арқылы адамның спорттық қабілетін, жарақат алу қаупі мен кәсіби ауруларын бағалауға, жаттығу мен тамақтанудың оңтайлы режимін таңдауға, сондай-ақ балаға лайықты спорт түрін ұсынуға мүмкіндік береді.