Алматының Наурызбай ауданында жаңа жаяу жүргіншілер аймағы құрылады
Биылғы маусым айында Шұғыла ықшам ауданында ұзындығы 370 метр болатын осы заманғы жаяу жүргіншілер аймағын құру жұмысы басталды. Бұл жоба қалалық инфрақұрылымды дамыту мен аудан тұрғындарының өмір сапасын жақсартуға арналған маңызды қадам болмақ. Өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған пресс-тур барысында Наурызбай ауданының әкімі Назира Тоғызбаева осылай деп хабарлады.