Алмалы ауданында биыл 1500 орындық жаңа мектеп салынып, «Шабыт» атты оқушылар сарайы пайдалануға берілді
Ауданда жалпы саны 43 мектеп жұмыс істейді, оның 29-ы мемлекеттік те, 14-і жеке меншік мектеп. №58 мектепке қосымша 600 орындық жапсарлас жай салынып жатыр. №16 мектепте де тура осындай 300 орындық жапсарлас ғимаратты салуды бастадық, оның құрылысы 2026 жылдың екінші тоқсанында аяқталып қалады дейді, Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен пресс-конференцияда Алмалы ауданының әкімі Арман Шамшин.