Алмалы ауданында 4 500 шамды жаңартып, 58 шақырым жаңа кабель тартылмақ
Қаланы қауіпсіз әрі жайлы қылуда жарықтың орны ерекше. Сондықтан Алмалы ауданындағы жарық желісін жаңарту қала қызметінің басты бағытының біріне айналды. Қазір аудандағы барлық 110 көше жарықтанып болғанымен, жұмыс әлі де жалғасып жатыр. Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында Алмалы ауданының әкімі Арман Шамшин осылай дейді.