Қазақстандағы трансплантация: маңызды операциялар мен донорлықты дамыту мәселесі туралы
2024–2025 жылдары Қазақстандағы трансплантология саласының даму деңгейі көңіл көншітерлік. Алматы бірегей оталар жасалатын, науқастар жан-жақтан ағылып келетін ірі орталық болып қалып отыр. Алматының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында «А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы» АҚ ғылыми-клиникалық және инновациялар жөніндегі басқарма төрағасының орынбасары Шоқан Қаниев отандық трансплантологияның болашағы туралы осылай деді.