Түрксіб ауданы тұрғын үй қорын жаңартып жатыр
Түрксіб ауданы тұрғын үй қорын оңалтуды көздейтін үлкен бағдарламаны іске асыра бастады. Аудандағы 582 үй тозған деп танылып, оларды біртіндеп бұзып, орнына осы заманғы көпқабатты тұрғын үй салмақ. 8 негізгі аумақты қамтитын бағдарламаны үлкен құрылыс компанияларымен бірлесіп қолға алған. Өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған баспасөз туры барысында Түрксіб ауданының әкімі Бақытжан Ақжаров осылай деді.